Жаңалықтар

Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 50-ге жуық адам эвакуацияланды

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 50-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: gov.kz 10.01.2023 13:38 1205

Республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен қатты аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп, дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша, Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деп эвакуацияланғандардың бірі атап өтті.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға