Ақмола облысындағы боран: полицейлер 600-ге жуық көлікті ертіп жүрді
Ақмола облысында 9-10 қарашада автомобильдердің көп жиналуына байланысты облыстық ПД патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында үш бағанды ертіп жүруді ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті автожолы бойынша жүретін 500-ге жуық жеңіл және 150-ге жуық жүк көлігін ертіп жүрді. Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.
Бүгін кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс тағы да шектеледі. Осыған байланысты Ақмола полицейлері автокөлік иелеріне қозғалыс бағыттарын түзетуді және ауа райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы арнайы қызметтердің хабарламаларын елеуді сұрайды, - делінген мәліметте.