Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
27.02.2023 15:56
1190
Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Алайда, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пойыздың тұрағы 50 минутты құрады.
Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді.
ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Польшада қалған 400-ге жуық жүк көлігі Литва арқылы шығады
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды