Жаңалықтар

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Фото: Видеодан кадр 14.08.2023 14:46 1119

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. 

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген Polisia.Kz мәліметінде.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға