Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: Ақмола облыстық ПД
Фото: Ақмола облыстық ПД
29.04.2024 12:30
2160
Ақмола облысындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Mercedes-Benz E200 маркалы көлік пен Жақсы ауылынан Астана бағытында келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігі соқтығысты.
Жол-көлік апатының салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапса, 2 адам әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды.
Аталған дерек бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді