Жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім шахтадан табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім шахтадан табылды
Фото: pixabay.com 20.09.2024 09:45 431

Ақмола облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды. Ол Бестөбе ауылындағы шахтаға түсіп, алтын іздеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 жасар жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы 16 қыркүйекте Степногорск қаласының полиция басқармасына арыз келіп түсті. 11-сынып оқушысы сабаққа келмеген, сондықтан мұғалімдер дабыл қаққан. Ол 13 қыркүйектен бастап мектепке бармағаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстары зерделенді, ата-аналары, жақын туыстары мен достарынан сұрақ-жауап алынды. Полиция жас жігіттің Бестөбе ауылы маңында екенін, оның шахтаға түскенін анықтады.

17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталып, ол туыстарына аман-есен табысталды. Жас жігіт алтын іздеу үшін шахтаға түскенін айтты. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды, - делінген полиция хабарламасында

Кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға