Жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 02.11.2024 00:42 425

31 қазанда Ақмола облысында психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған арнайы мекемеден қамқорлықтағы, психиатриялық есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа шығып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Науқастың жоғалып кеткенін байқаған мекеме қызметкерлері бірден аудандық полиция бөліміне жүгінді.

Жоғалған адамды іздестіру үшін полиция шұғыл шаралар қабылдады. Қызметкерлер оның ықтимал жүріп өткен бағыттарын мұқият саралап, жергілікті тұрғындардан келіп түскен ақпараттарды талдады, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге патрульді күшейтті.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 қараша күні жақын маңдағы ауылдардың бірінен жоғалған азамат табылып, қайтадан мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға