Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соғысты
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғысып, төрт бірдей адам зардап шекті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген полицейлер бұған дейін «Астана-Қабанбай батыр» тасжолының 18 шақырымында екі «ГАЗель» көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады. «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына қарай келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, өзіне қарсы жүріп келе жатқан Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды.
Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.