Жаңалықтар

Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 08.09.2023 18:30 743

Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 7 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.

Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге Сәтбаев көшесі 1 «а» мекенжайындағы Көкшетау қ. БП-на немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беруіңізді сұраймыз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға