Ақмола облысында ТЖМ тікұшағы шұғыл жеткізуді жүзеге асырды
«Қазавиақұтқару» әуе бөлімінің ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, баланы Шортанды ауданынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді.ТЖМ тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ауыр халде жатқан 1976 жылғы науқасты шұғыл эвакуацияланған болатын. Сондай-ақ, ТЖМ әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.

