Жаңалықтар

Ақмола облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды

Бұл техника болғандықтан мұндай жағдайлардың болуы қалыпты. Әуе кемесі толық қайта тексеруден өтеді
Ақмола облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды
Фото: trt.net.tr 25.10.2022 16:30 1775

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда қонды. Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды El.kz.

Иманқұловтың айтуынша, бұл құтқару ұшағы емес.

"Жезқазғаннан Көкшетауға ұшқан тікұшақтың қозғалтқышынан ақау шығып, апатты жағдайа қонды. Зардап шеккендер жоқ. Экипаж кәсіби түрде әрекет етіп, нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мамандар өз қорытындыларын береді", - деді Иманқұлов.

Оның айтуынша, тікұшақ толық тексеруден өтеді.

"Бұл техника болғандықтан мұндай жағдайлардың болуы қалыпты. Әуе кемесі толық қайта тексеруден өтеді. Бұл жағдай ешқандай құтқару жұмыстарын жүргізуге әсер етпейді. Министрліктің құтқару бөлімшелері штаттық режимде қызмет етіп жатыр", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға