Ақмола облысында тауда қалған әйел адам құтқарылды
09.07.2025 21:46
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында егде жастағы әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 1967 жылы туған әйел адамға көмек көрсетті. Қан қысымының көтерілуіне байланысты азаматша таудан өздігінен түсе алмағаны белгілі болды.
Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырған. Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды қаперге салады. Сондай-ақ, қиын жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

