Ақмола облысында такси жүргізетін әйелге шабуыл жасалды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
28.11.2024 13:50
81
Ақмола облысында такси жүргізетін әйелге шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 26 қараша күні Целиноград аумағында болған. Жүргізушінің сөзінше, жолаушы Қоянды ауылына алып баруды өтінген.
Діттеген жерге жақын қалғанда ер адам әйелге шабуыл жасап, телефонын, ақшасын және көлігін тартып алған. Әйел жақын елді мекендегі полицияға барып, болған жағдайды баяндады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада қаржы пирамидасы басшысы сотталды