Жаңалықтар

Ақмола облысында пәтер ұрлығының 20 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Ақмола облысында пәтер ұрлығының 20 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 21.09.2023 14:14 1055

Ақмола облысында пәтер ұрлығының 20 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полицейлердің мәліметінше, құны 2,1 млн теңгеден асатын әшекей бұйымдарын жоғалтқан қала тұрғыны мегаполистің тәртіп сақшыларына жүгінді. Әйел өзі жоқ кезде үйінен алтын бұйымдар ұрланғанын айтып шағымданды. Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері арызды СДТБТ-ға тіркеп, аталған жайт бойынша тергеуге кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері ұрыны анықтап, оны Ақмола облысында ұстады.

Бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Жетісай қаласының тұрғыны Шымкент пен Түркістан облысындағы пәтер ұрлығының 20 дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол бір ғана Еңбекші ауданында 8 үйге ұрлыққа түсіп, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ер адам тұрғын үйге есіктерді немесе терезелерді бұзып кірген. Көбінесе зергерлік бұйымдар, қолма-қол ақша мен ноутбуктарды ұрлауға әуестенген. Сонымен қатар тәжірибелі ұры тапқан олжаларын тек базарларға ғана өткізген.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға