Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында өрттен екі адам көз жұмды

07.01.2024 19:06

Қайғылы оқиға Щучье қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт болған.

Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылғандықтан және отқа төзімділіктің 5 дәрежесіне жататындықтан, өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындаған болатын. Өрт толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтады, - делінген мәліметте.

Облыстық ТЖ департаменті тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

- жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды ұзақ уақыт қыздырмаңыз;

- электр жабдықтары мен электр сымдарының жарамды күйін қадағалаңыз;

- қосылған электр тұрмыстық және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

- ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.