Жаңалықтар

Ақмола облысында оқушы қалдық шыныдан жылыжай жасады

Ақмола облысында оқушы қалдық шыныдан жылыжай жасады
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 13.02.2024 00:29 701

Ақмола облысы Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Анесий Айгерім қалдық шыныдан жылыжай жасап шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушы осы тақырыпқа арнап ғылыми жоба жұмысын жазды.

Жобаның  басты мақсаты қалдық шыныларды пайдалана отырып жылыжай жасап,  ешқандай шығынсыз өнім өсіру және оның халыққа пайдасын нақты көрсету болып табылады, - деді жас зерттеуші.

Айгерім жетекшісі Асауй Жарқынгүлмен бірлесіп, өз алдына міндеттер қоя отырып, жұмысқа кірісті.  Алдымен жылыжайды жасады. Оған жұмсалатын дәрі құтыларды жинап, оны бір – біріне жапсырды.  Суару үшін қолданылатын құбырды, су жинайтын бөшкелерді орналастырды. Сонымен қатар шатырдың ашылып – жабылуында гидравликалық күшті тиімді қолдану жолдарын, суару жүйелерінің автоматты түрде орындалатынын жасап шықты. 

Жасалған жылыжайда 2022-2023 оқу жылының қыркүйек - сәуір айлар аралығында өнімдерін өсіріп, зерттеу жұмысын жүргізді. Айгерім жоба жұмысы арқылы  ешқандай шығынсыз жасалған жылыжайда кез келген өнімдерді өсіруге болатынын және қолжетімді  материалдарды қолдана отырып, адамның денсаулығына зиянсыз өнім өсіруге болатынын   дәлелдеді, - атап өтті жоба жетекшісі, математика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқынгүл Асауи.

Нәтижесінде Анесий Айгерім осы зерттеу жұмысын «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауларына ұсынып, жүлделі орынға ие болды.

Айта кетейік, осы байқауының 1 гуманитарлы легінде Ақмола облысының намысын 13 жобамен 16 оқушы қорғады. 11 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы грамотамен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға