Ақмола облысында көлік жүргізушілері үшін жылдамдық шегерілді
06.11.2025 09:40
Фото:
GOV.kz
Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола облысының аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
6 қараша күні түнгі сағат 00:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – Ресей шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» тас жолының 19-231 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жылдамдығы 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін азайтылды.
Бұл шешім жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданған. Ауа райы жағдайы тұрақтанған соң, яғни 2025 жылдың 6 қарашасы күні сағат 15:00-де шектеу алынып тасталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін де еліміздің бірнеше аймағында қарлы бұрқысын күтілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

