Жаңалықтар

Ақмола облысында кәмелетке толмаған жасөспірімді көлік қағып кетті

Ақмола облысында кәмелетке толмаған жасөспірімді көлік қағып кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.08.2023 12:19 721

Ақмола облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 тамыз күні  Целиноград ауданы полициясының кезекші бөліміне Ыбырай Алтынсарин ауылының Абай көшесі бойында кәмелетке толмаған қыз баланың қатысуымен ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Абай көшесімен жүріп келе жатқан 41 жастағы Lada Kalina  жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні басып кеткенін анықтаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қалалық ауруханаға “ЖБМЖ, миының зақымдануы, жіліншіктің жабық сынуы” диагнозы қойылған 17 жасар қыз жеткізілген. Қан алу тәркіленіп, сараптама тағайындалды.

Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық істі бастады.

Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында 53 ЖКО тіркеліп, 7 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға