Ақмола облысы Атбасар қаласында гараж отқа оранды. Оқиға 12 мамырда сағат 21.39-да Матросова көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техникасы жеткен. Қызыл жалын аумағы - 24 шаршы метр.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Қызыл жалын сағат 21.51-де оқшауланып, өрт сағат 22.13-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

