Ақмола облысында Есіл жағалауынан балықшы құтқарылды
11.04.2025 05:26
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақмола облысында өзенге шыққан балық аулаушыны ТЖМ өкілдері құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есіл өзенінде балықшының қайықтан құлап қалғаны туралы хабарлама Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылының әкімінен келіп түскен.
Іздеуге дереу ТЖМ жедел-құтқару жасағының тобы 15 минут ішінде балықшыны тауып, оны жағаға жеткізді. Белгілі болғандай ол суға батып кетпес үшін ағаштан ұстап, аман қалған, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Құтқарылған адам медициналық мекемеге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

