Жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам жылыну үшін көлік ұрлаған

Ақмола облысында ер адам жылыну үшін көлік ұрлаған
Фото: Polisia.kz 22.10.2024 17:21 428

Көкшетауда полицейлер автокөлік ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетауда ұрлық дерегі ізін суытпай ашылды. 19 қазанда түнгі сағат 23:00-ден таңғы 02:00 аралығында көпқабатты үйдің жанында тұрған Mercedes-Benz 180 автокөлігі ұрланып кеткені туралы полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған.

Көлік иесі машинаның кілтін оталдыру қосқышында қалдырғанын да мәлімдеген. Өтініш түскен сәттен бастап қалалық полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшіп, соталды тергеу жұмыстарын бастап кетті. Сол күні криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, оның айдап әкетілуіне облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының қатысы бар екенін анықтады, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдікті уақытша бейімделу орталығынан шығып, суыққа тоңып қалғандықтан, көліктің есігі ашық тұрғанын көріп, ішіне отырып кеткенін мойындады. 

Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылып, оқиға толықтай тергеліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға