Жаңалықтар

Ақмола облысында дәмханаға келген мас адам жанжал шығарған

Ақмола облысында дәмханаға келген мас адам жанжал шығарған
Фото: © Polisia.kz 17.10.2023 17:15 810

Ақмола облысында дәмханаға келген мас қонақ жанжал шығарған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 12 қазан кешкі сағат 21:00 шамасында Атбасар ауданының полиция бөліміне қала дәмханаларының бірінде бұзақылық фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мекемеге келушілердің бірі қатты мас күйінде өзін агрессивті ұстағаны, дәмхананың басқа клиенттеріне құрметсіздік көрсеткені, балағат сөздер айтқаны, даяшымен жанжалдасқаны және мекемеге тиесілі ыдыстарды сындырғаны анықталды.

Залал сомасы белгіленіп жатыр. Жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. 32 жастағы құқық бұзушының жергілікті тұрғын екені анықталды, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам қатты мас болған. Полиция бөлімі осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, осы баптың санкциясымен бұзақылық, яғни бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы көрінетін қоғамдық тәртіпті бұзу – 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға