Ақмола облысында бүлдіршін 2-қабаттағы терезеден құлап кетті
22.08.2023 12:15
Фото:
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Ақмола облысында қараусыз қалған 2 жастағы қыз абайсызда 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы тамыздың 21-де Степногор қалалық Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 2021 жылы туған жергілікті тұрғынның ауруханаға «катажарақат, жабық бас сүйегі жарақаты, ми шайқалу» диагнозымен жеткізілгенін айтқан.
Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін абайсызда москит торын итеріп, екінші қабаттағы терезеден құлаған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде, - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналар мен қамқоршыларды балаларға мұқият болуға және оларды ашық терезелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

