Жаңалықтар

Ақмола облысында бизнес үшін электр энергиясына тариф төмендетілді

Ақмола облысында бизнес үшін электр энергиясына тариф төмендетілді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.05.2024 13:34 535

«АӨЭК-Энергосбыт»  ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті  ҚҚС-сыз 1 кВт/сағатына 42,523 теңгеден 40,560 теңгеге дейін яғни 4,6%-ға төмендегені туралы хабарлама берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілгенін естеріңізге сала кетейік.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («АӨЭК -Энергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Ақмола облысының заңды тұлғаларының «АӨЭК-Энергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «АӨЭК -Энергосбыт» ЖШС-на жүгінуге болады:

Заңды тұлғалар үшін:

ЖШС «АӨЭК -Энергосбыт»

 +7 (7172) 437035

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға