Жаңалықтар

Ақмола облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Ақмола облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.08.2024 12:47 508

Ақмола облысында полиция бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының бірнеше тұрғыны бір адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша полицияға мәлімдеді. Қосшы қаласының полиция бөліміне алаяқтық фактісі туралы Астана қаласының тұрғыны өтініш білдірді. Әйел айтқандай, бейтаныс әйел оның сенімін асыра пайдаланып, шағын бизнесті дамыту сылтауымен оған қолма-қол ақша беруін сұраған. Залал сомасы 10 млн 750 мың теңгені құрады. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды, ол Қосшы қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің тағы 5 ұқсас фактіге қатысы бар екені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға