Жаңалықтар

Ақмола облысында бір жастағы бала 4-қабаттан құлап кетті

Ақмола облысында бір жастағы бала 4-қабаттан құлап кетті
Фото: elements.envato.com 25.07.2024 10:52 442

Ақмола облысында бір жастан асқан бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 24 шілдеде Щучье қаласында болды.

Жыл басынан бері облыс аумағында балалардың терезеден құлап кетудің 10 дерегі тіркелді. Оның бірі - 24 шілдеде Щучье қаласында болды. Онда бір жастан асқан қыз бала 4-қабаттағы терезеден құлап, зардап шекті, - делінген хабарламада.

Осы ретте, полиция қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды бақылауды күшейтуге және қарасуыз қалдырмауға шақырады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға