Wprost

Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза болды

01.11.2024 14:53

Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы үш адам түрлі жарақатпен Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

1 қарашаға қараған түні Степногорск–Заводской жолында "Audi B4" автокөлігі мен үш бос цистернасы бар локомотив соқтығысқан. Автокөлік жүргізушісі сол жерде жан тапсырған, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.