Ақмола облысында 99 жастағы соғыс ардагері өмірден өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
24.04.2024 22:52
725
Ақмола облысында Отан соғысының ардагері Петр Бирюков 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петр Иванович 1943 жылы қаңтарда әскерге шақырылды. Жас лейтенант 725 гвардиялық атқыштар дивизиясының 133 атқыштар полкінде взводты басқарды. Бірінші шайқасы Польшаның Лодзь қаласында өтті, Чехословакияны, Венгрияны азат ету үшін шайқастарға қатысып Берлинге жетті.
Батылдық үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және «За победу над Германией» медалімен наградталған.
Бүгінде елімізде ерліктерімен және ерен еңбектерімен бостандыққа, бейбіт өмірге жол ашқан, бұкіл әлемге бақыт әкелген сол Отан соғысына қатысушылар мен куәгерлер қатары бігінде өте аз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға