Жаңалықтар

Ақмола облысында 90-жылдары қылмыстық топты басқарған адам сотталды

Ақмола облысында 90-жылдары қылмыстық топты басқарған адам сотталды
Фото: ©El.kz 14.08.2024 11:15 696

Ақмола облысында 90-жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болған К. есімді азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы сот мәліметінше, сотталушы 1998 жылы ұйымдасқан қарулы топ, оның ішінде К.-ның басшылығымен ұзақ уақыт бойы әрқайсысына рөлдерді бөліп, әзірленген жоспар бойынша бірнеше рет топтық шабуыл жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған.

Бір жыл ішінде (1998-1999 жж.) Қ.-ның басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыс жасаған. Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген. К. жалған құжатты пайдаланып,  тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Тек 2024 жылдың қаңтарында ұсталған, - делінген мәліметте.

Айыпталған қылмыстар бойынша сотталушының кінәсі, оның ішінде 5 адамды өлтіргені, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкіммен дәлелденді. Бірақ сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот К.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1 бөлімі, 96-баптың 2 бөлімі «А, Ж, З, Н» тармақтары (1997 ж. редакциясы) - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, бұрын адам өлтірген адам,  пайдакүнемдік ниетпен ұйымдасқан топпен оған басшылық жасау, заңсыз қасақана екі адамның өліміне әкеп соқтыру бойынша саралады, - делінген Жоғарғы сот мәліметінде.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «А, Ж, З, Н» тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға