Жаңалықтар

Ақмола облысында 400 гектар алқап өртеніп кетті

Ақмола облысында 400 гектар алқап өртеніп кетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 22.07.2023 13:54 556

Ақмола облысында 400 гектар алқап отқа оранып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 шілде күні сағат 16:32-де Степногорск қаласының Азат ауылы ауданында далада өрт шығып, тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 19.30-да оқшауланып, сағат 21.30-да сөндірілді.

Тілсіз жаудан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдарының және ТЖД күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды, - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Осы ретте Ақмола облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға