Ақмола облысында 30 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы
20.09.2023 10:28
668
Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50% -ға қысқарды. Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мобильді аударымдарға шектеу енгізіледі