Жаңалықтар

Ақмола облысында 16 ресейлік азамат құтқарылды

Ақмола облысында 16 ресейлік азамат құтқарылды
Фото: © Polisia.kz 10.01.2024 13:46 894

Ақмола облысындағы тас жолда бұзылған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 қаңтарда Астана - Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқайды. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырды, - делінген ақпаратта.

Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.

Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарғаннан кейін ғана өз орындарын тастап кеткен. Жүргізуші полицияға қиын жағдайда көмектескені үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға