Ақмола облысында 13 млн теңге жымқырған аудандық аурухананың қызметкері сотталды
09.07.2023 09:48
871
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық ауруханасының кадр бөлімінің басшысы 13 млн ақша жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауапты маман аудандық ауруханада жұмыс істемейтін адамдарға жалған құжат жасап, 13 миллион теңге төлеген. Ұзақ уақытқа созылған тергеу нәтижесінен кейі іс сотқа жолданып, оған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Прокурорлар бас дәрігер кадрлар бөлімінің басшысымен бірге 2020-2021 жылдар аралығында кадрлық және қаржылық құжаттарды қолдан жасағанын анықтады. Олар ресми түрде жаңадан құрылған инфекциялық стационарға жеті адамды жұмысқа орналастырған. Ал кейіннен заңсыз аударылған бюджет қаражатын жеке мақсаттарына пайдаланған, - деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Айыпталушының кәмелетке толмаған балалары болғандықтан,сот үкімін орындау мерзімі кейінге қалдырылды. Ал бас дәрігерге қатысты тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Даниал Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің чемпионы атанды
Келесі жаңалық
Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер