Жаңалықтар

Ақмола әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

Ақмола әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 02.02.2024 20:15 837

Ақмола облысы әкімдігінде аймақ басшысы Марат Ахметжановтың өңірдің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша брифингі өтті. Баспасөз мәслихатында облыс басшысы тілшілердің бірқатар сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шараға облыстық әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм және экономика басқармаларының басшылары да қатысты.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Марат Ахметжанов БАҚ өкілдерін Ұлттық басылым күнімен құттықтап, мемлекеттік органдардың қоғам мен БАҚ үшін қолжетімділігі мен ашықтығының маңыздылығын атап өтті.

Өткен жылдың соңында сіздермен кездесуде мен атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы үнемі хабардар болатыныма сендірдім. Бүгін 2023 жылдың қорытындысын шығара отырып, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалатынын атап өтуге болады, - деді облыс әкімі.

Спикер өңірді одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инвестициялар тарту, туризмді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және елордалық елді мекендерді дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті.

Ел Президенті берік өнеркәсіптік қаңқаны құру үшін өңдеу секторын шоғырландырылған дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл тұрғыда өңдеу өнеркәсібінде екі есе өсуге қол жеткізу мақсатында өндіріс көлемінің 17% өсуін қамтамасыз ету қажет, бұл жыл сайын 250 млрд. теңгені құрайды. Ол үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктемесіне талдау жүргізіп, оларды ұлғайту шараларын әзірлеу қажет. Сондай-ақ, ағымдағы жылы майлы дақылдардың егіс алқаптарын екі есеге ұлғайту және ауыл шаруашылығы жануарлары санының одан әрі өсуіне мүмкіндік беретін берік жем-шөп базасын құру керек, - деді Марат Ахметжанов.

Облыс әкімі басты міндеттердің бірі үш жыл ішінде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70% үлесіне қол жеткізу екенін алға тартты. Биыл өңір аумағында жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторларды тартуды ұлғайту талап етіледі.

Өңірдің ерекшеліктерін ескеретін алдағы 5 жылға арналған туризмді дамыту стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ олардың жұмыс тиімділігін бағалау үшін аудандар мен қалалар әкімдерінің рейтингін енгізу маңызды міндет болып қала береді. Жалпы, алға қойылған міндеттерге табысты қол жеткізу үшін жаңа тәсілдерді қолдану және ресурстарды барынша жұмылдыру талап етіледі, - деп толықтырды өңір басшысы.

Кездесуде БАҚ өкілдері сұрақтар қойып, оларға спикер жауап берді. 

Ең көп талқыланғандардың бірі - экология тақырыбы болды. Аймақтың экологиялық проблемаларының тізімінде – қаладағы атмосфералық ауаның, судың және топырақтың ластануы. Журналистер өңір басшысының назарын Макинск және Щучинск қалаларындағы экологиялық атмосфераға шығарындыларға, Аршалы ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыстарға және тағы басқаларға аударды. 

БАҚ өкілдерін денсаулық сақтау және білім беру тақырыптары да толғандырды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласында облыс орталығында ЖЭО салу, газдандыру, Зеренді ауданын энергиямен қамтамасыз ету мәселелері қойылды.

Марат Ахметжанов барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Брифингке барлығы 30-дан астам БАҚ өкілдері мен блогерлер аккредиттелді. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға