Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
08.02.2024 11:00
Фото:
Сенаттың баспасөз қызметі
Бүгін Сенат отырысында Сенат депутаты Ақмарал Әлназарованың өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады. Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.
Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова 2020 жылы Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланған енді. Ол 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

