Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясы: Біздің мақсатымыз - кәсіпкерлікті қолдау

«Ақ жол» партиясы: Біздің мақсатымыз - кәсіпкерлікті қолдау
Фото: gov.kz 01.03.2023 21:01 887

Партия өкілдері арасында өткен пікірсайыста «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов партияның нақты мақсатына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгінгі жағдайды осыдан 100 жыл бұрын Алаш арыстары айтып кеткен. Қазақтың жерінің тасы кеудесіне түйме болып қадалуы керек. Қазақтың қойының жүні иығына шекпен болып жабылуы керек деген. Өкінішке қарай бізде нақты экономиканың орнына слайд көрсетеді, елдің бағдарламаға салған қаншама ақшасы суға кетіп жатыр. Біздің мақсатымыз – осыны еркін нарық шеңберіне қайтадан қайтару. Экономиканы либерализация жасау,  мемлекеттің қатысуын шектеу, нақты кәсіпкерлікті қолдау. Елді асырап отырған кәсіпкерлер», - деді ол.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға