Ақ үйдегі рождестволық кешкі ас ережелері жарияланды: қонақтарға неге тыйым салынады?
АҚШ президентінің ресми резиденциясы Ақ үйде өтетін рождестволық кешкі асқа арналған қатаң ережелер күтпеген дереккөз арқылы көпшілікке мәлім болды. Бұған дейін бұл тізім құпия сақталып келген.
Күтпеген ақпарат көзі
Танымал үнді актрисасы Маллика Шерават Ақ үйдегі рождестволық кешкі асқа арналған ресми шақырудың скриншотын жариялаған. Осылайша жабық форматта өтетін беделді шараның егжей-тегжейі белгілі болды.
Қауіпсіздік шаралары өте қатаң
Шақыруда көрсетілгендей, Ақ үй аумағында қонақтарға арналған автотұрақ қарастырылмаған. Қонақтарға іс-шара өтетін кіреберістер мен Вашингтон метросының ең жақын станциялары белгіленген арнайы карта қоса берілген. Бұл қауіпсіздік талаптарымен байланысты. Жылдағыдай еркін киім үлгісі емес, қатаң дресс-код ережелері де берілген. Іс-шараға қатысушылар тек іскерлік стильдегі немесе кешкі салтанатты киім киюге рұқсат етіледі.
Сөмкелер мен гаджеттерге шектеу
Қауіпсіздік мақсатында қонақтарға тек шағын сөмке немесе әмиян алып кіруге рұқсат етіледі. Ал үлкен сөмкелер, портфельдер, чемодандарды метрода да алып жүруге болмайды. Сондай-ақ, мобильді телефондарды ғана алып кіруге болады. Қалған планшеттер, ноутбуктер,ірі электронды құрылғылар Ақ үй аумағына кіргізілмейді.
Фотоға түсіруге де шектеу бар
Ақ үй аумағында суретке түсіруге рұқсат берілгенімен, бірқатар талап сақталуы тиіс. Суретке түсерде жарқыл қолдануға болмайды, селфи-таяқшаларға тыйым салынған, кәсіби фотоаппараттар мен ауыстырмалы объективтерді пайдалануға рұқсат жоқ.
Бұл шектеулер де қауіпсіздік пен протокол ережелеріне байланысты енгізілген.
Сыйлық әкелуге қатаң тыйым салынған
Шақыруда ерекше атап көрсетілген тағы бір талап, рождестволық кешкі асқа сыйлық алып келуге болмайды. Егер қонақтың жанынан сыйлық табылса, АҚШ Құпия қызметінің қызметкерлері оны тәркілейді. Бұл жағдай қонақтың іс-шараға кіруін шектеуі мүмкін.
Ақ үйдегі рождестволық кешкі ас - тек салтанатты мереке ғана емес, сонымен қатар ең жоғары қауіпсіздік талаптары сақталатын ресми шара. Ашық дереккөзге шыққан бұл шақыру Ақ үй протоколының қаншалықты қатаң екенін тағы бір мәрте көрсетті.

