ҰОК

Ақ Олимпиада: 20 ақпандағы жарыс кестесі

20.02.2026 11:45

Бүгін Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың үш түрінен сегіз саңлақ жарыс жолына шығады.

Алдымен,  Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбев, Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеуде бақ сынайды. Тартыс  14:30-да басталады.

1500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден Надежда Морозова мен Елизавета Голубева мұзайдынына шығады. Сайыс 20:30-да басталады. Айта кетерлігі, Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта үздік ондыққа кірген-ді. Бұған дейін ол 3000 метрде – алтыншы,  1000 метрде 14-орын алған.

Шорт-тректен әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықтағы ширек финалда Яна Хан мен Ольга Тихонова өнер көрсетеді. Жарыс 20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні, 00:15-те басталады.