Жаңалықтар

Аптап ыстықта неліктен қарбыз жеуге болмайды? Мамандар жауап берді

Аптап ыстықта неліктен қарбыз жеуге болмайды? Мамандар жауап берді
Фото: ©Pixabay.com 18.07.2024 13:23 9430

Аптап ыстықта жүрек пен тамырларға күш көп түседі, сондықтан ыстық тартатын азық-түліктен бас тартқан жөн. Бұл туралы «Здоровые люди» сайтындағы мақалаға сүйене отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандар ыстық ауа райында мүкжидек, сәбіз, жүгері, асқабақ, баклажан, ащы дәмдеуіштер, қарақұмық, бұршақ, жасымық, кешью, макадамия, жаңғақтан, қаймақ, тауық еті, сиыр еті, шошқа еті, зімбір, сарымсақ жеу қауіпті екенін алға тартады.

Сондықтан «салқындататын» өнімдерге басым беру керек екен. Ағзадағы артық ыстықтан арылуға құлпынай, алма, алмұрт, қара жүзім, лайм, мейіз, құрма, қияр, түрлі-түсті қырыққабат, брокколи, жапырақ салаттары, көк шөп, бұршақ, картоп, жазғы асқабақ сорттары, басмати, қызыл жасымық, ақ бұршақ, кокос, сүт, үй йогурты, күркетауық, қоян еті көмектеседі.

Сонымен қатар ақ күрішті де жиі пайдаланған дұрыс. Оның ауа райы ыстық елдерде танымал болуы да сондықтан.

Диетологтар ыстық борщ пен глинтвейн ішпеуге, еттен бас тартып, балыққа басымдық беруге кеңес береді.

Газдалған сусынға әуес болмай, газсыз су ішкен жөн (сағат сайын кем дегенде 100-150 мл су ішіңіз).

Алкоголь де ыстықта қан қысымын арттыратынын ұмытпаңыз. Одан да көк шай немесе түрлі шөптерден жасалған шай ішіңіз.

Тамаққа көп тұз қоспаған дұрыс. Ыстықта фастфудтарды да ұмытыңыз.

Түнгі уақытта жеміс жемеу ұсынылады. Себебі асқазанда қыжыл пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар зәрді айдайтын қарбызды да түнде жемеңіз, ағзада су құрамын төмендетуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға