Апта соңына дейін елімізде күн суытады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Циклонның ықпалынан жауын-шашынды болады, кей өңірлерде тіпті қар аралас жаңбыр болуы ықтимал, 15-29 м/с жел тұрып, арты қарға ұласып, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай ойнап, таулы аудандарда нөсер болып, тұман түсуі мүмкін.
Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжануда, батыста күндіз 5-13 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градус жылы, Қазақстанның солтүстігінде 1-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 2 градус жылы, республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы, елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы болады.