АПЛ: Холанд жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады
28.02.2024 10:14
Фото:
«Манчестер Сити» ФК
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Джордж Бесттің рекордын қайталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, Бест 1970 жылғы Англия кубогында бес гол соққан.
Opta Sports мәліметінше, Англия кубогының 1/8 финалдық матчында «Лутон Таунға» қарсы ойында (6:2) норвегиялық 58 минутта пента-трик жасады. Қарсыластар бұған дейін АПЛ-нің бірінші турында кездесіп, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лутонды» Джек Грилиштің арқасында оп-оңай жеңген.
Холанд «Манчестер Ситиге» 2022 жылы жазда Дортмундтың «Боруссия» клубынан ауысып келді.
Бұл маусымда ол «қалалықтар» сапында барлық матчта 30 ойын өткізіп, 25 голмен көзге түсті.
Transfermarkt Холандты € 180 млнға бағалайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

