Апаттан келген залалдың барлығын Екібастұз ЖЭО өтейтін болады – Роман Скляр
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
12.12.2022 11:44
1383
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы апат басшылардың жылу беру мерзімі кезінде жұмыстарына салғырт қарауының салдарынан орын алғанын айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаладағы жағдай бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады.
«27 қараша күнгі қала орталығында орналасқан маңызды құбырлардың істен шығып, апатты жағдай орын алуы салдарынан 200 жеке тұрғын үй, 10 балабақша мен мектеп және 149 көпқабатты үй жылусыз және сусыз қалды. 6000-ға жуық маман мен 3000 ерікті қала тұрғындарына көмектесіп, жағдайды шешуге атсалысты. Апаттан келген залалдың барлығын Екібастұз ЖЭО өтейтін болады», - деді Роман Скляр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға