Жаңалықтар

Апаттан аман қалған сәбилерді шетелдіктерге асырап алуға бермейміз – Түркия елшісі

Апаттан аман қалған сәбилерді шетелдіктерге асырап алуға бермейміз – Түркия елшісі
Фото: news.myseldon.com 23.02.2023 17:16 1015

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, зілзаладан кейін жетім қалған балаларды асырап алуға өтініш бергендердің қатары артқан, оның ішінде шетел азаматтары да бар екен.


«Көптеген отбасы жер сілкінісі кезінде ата-анасынан айырылған балаларға «патронаттық отбасы» болуды сұрады. Кеше жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес тіркелген 1858 баланың 1645-інің куәліктері анықталды. Олардың 1314 -і анықталып, өздерінің отбасыларына табысталды. 213 жуық бала бойынша куәліктері мен тегін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.


Жер сілкінісі кезінде анасынан, әкесінен немесе ата-анасының екеуінен де айрылған балалар Түркияның «Отбасы істер және әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің қамқорлығында болады.


«Олардың куәліктері мен жеке мәліметтері анықталып, отбасы мүшелеріне немесе басқа туысқандары анықталса өздерінің отбасыларына беріледі. Сонымен қатар, балалар министрліктің бақылауында болады. Себебі, жарақат алған балаларға және шошынып қалған балаларға психологиялық көмек пен қолдау көрсету қажет. Осы бойынша психологиялық қолдау көмектері балаларға да, ересектерге де қатар ұсынылады», - деді Уфук Экиджи.


Түркия бойынша мектептер 20 ақпаннан бастап қайта ашылды және наурыз айында зілзала болған аймақтарда оқу бастау жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға