Жаңалықтар

Апатқа түскенім дұрыс болды – Саят Медеуов

Апатқа түскенім дұрыс болды – Саят Медеуов
Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888 10.08.2023 13:00 11338

Қазақстандық танымал әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында осыдан бір жыл бұрын апатқа түскенін еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші бұл өзіне ғана емес, өзгелерге де сабақ болса екен дейді. Өнер иесі жолға ұйқыны қандырып қана шығуға, шаршап тұрғанда көлік тізгіндемеу керектігін айтты.

Оқи отырыңыз:

Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі қасымдағы бауырым ұйықтап кетті. Ол бізге сабақ болды. Ауруханада жатқан ойладым, егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, онда қуаныштымын дедім. Себебі шаршап отырып жолға шығуды доғаруымыз керек, - деді әнші.

Әншінің айтуынша, жол апатына өздері кінәлі, ал соқтығысқан көліктегі адамдар дін аман.

Есімді жиғанда бауырыма алғаш айтқан сөзім: «Біреуге кесірімізді тигіздің, ұйықтауымыз керек». Адам деген алдымен кінәні біреуден іздейді емес пе.Кінә менен дейтіндер аз. Есімді жисам, жедел жәрдем тұр екен, ол 100 шақырым жерден жетіпті. Шүкір, соққан көліктегі адамдар аман. Кінә бізден болды. Ұйықтамай, шаршап жолға шықтық, - деді Медеуов.

Бұған дейін танымал әнші өнер мен сахнаны шатастырып жүрген әріптестеріне шүйлікті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға