Жаңалықтар

Антикордың жалған қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Антикордың мәліметінше, оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды
Антикордың жалған қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Фото: pixabay.com 09.11.2022 12:01 1770

9 қарашада Ақтау қалалық соты алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін азаматтар Кәрімов және Батырхановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz.

Антикордың мәліметінше, оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

«Агенттік төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет етіп, өзін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде көрсетіп, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 млн теңге талап еткен», - деп жазды ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсетіп, қылмыстық іс-әрекеттерге юаратыны жалғасып жатқанына назар аударады.

Барлық осындай фактілер туралы 8 7172 909 408 телефонына немесе 1424 Call-орталығына жедел хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға