Жаңалықтар

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі Шымкентте ұсталды

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі Шымкентте ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр 10.12.2024 09:57 285

Іздеу жарияланған Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор Шымкенттегі орта мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара алды деген күдікпен Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. БАҚ мәліметінше, ол Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі. 2023 жылдың қарашасында Мақсат Қожабаев алаяқтық жасағаны үшін сотталып, бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Дәуренбек Қожабаевқа тергеуден жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, – деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға