Жаңалықтар

Антикор Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша іс қозғады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеді
Антикор Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша іс қозғады
Фото: baq.kz 07.07.2022 09:55 1808

Антикор Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша іс қозғады, – деп хабарлайды El.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеген. Ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

– 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пактың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды, – деп жазды агенттік.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға