Жаңалықтар

Антикор Ресей азаматына іздеу жариялады

Антикор Ресей азаматына іздеу жариялады
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 15.08.2024 18:34 542

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттігік мәліметінше, іздеу жарияланған адам - Қырғызстан тумасы.

Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы. Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz), - делінген мәліметте. 

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға