Жаңалықтар

Антикор қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады

Антикор қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.07.2024 21:08 719

Қазақстандықтарға алаяқтардан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы атынан хаттар келе бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға