Жаңалықтар

Антикор 320 миллион теңге жымқалған Байсейітовке іздеу жариялады

Қазіргі уақытта Б. Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде
Антикор 320 миллион теңге жымқалған Байсейітовке іздеу жариялады
Фото: Антикор 19.11.2022 10:14 1131

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021жж кезеңінде Қаратау кенішінде (Түркістан облысы Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Тергеу барысында Байсейітов Қ. Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны «Iri building» ЖШС лоббилендіріп отырғаны анықталды. «Қаратау» ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты. Б.Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған. Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты.

"Қазіргі уақытта Б. Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды. Аталған адамның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар тұлғаларды Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: Call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған. Құпиялылыққа кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға